Күрес
1 мин оқу 370

Жанкүйерлер жарыстарға жіберіле бастады

<p style="text-align: justify;">Әлемге жайылған коронавирус пандемиясының салдарынан спорттық жарыстар жан&shy;күйер&shy;&shy;лерсіз өтіп жатқаны белгілі. Алай&shy;да кейінгі уақытта жанкүйер&shy;лер спорт кешендеріне орала бастады.</p>

Жанкүйерлер жарыстарға жіберіле бастады

Мәселен, УЕФА күні кеше Ұлттар лигасы аясында өткен матчтарға жан­күйер­лердің кіруіне рұқсат берді. Тек жанкүйерлердің саны 30 пайыздан аспауы керек деген шартпен. Футбол жан­күйерлері стадионға оралған соң, өзге спорт түрлерінің басшылары да спорттық жарыстарын жанкүйерлердің қатысуымен өткізуді жоспарлап отыр. Оның ішінде аралас жекпе-жек спорты да бар.

24 қазанда БАӘ-нің «Жауынгерлер аралында» кезекті UFC 254 додасы өтетіні баршаға мәлім. Осыған орай UFC спор­тының Таяу Шығыстағы маркетинг директоры Рашид Әл-Саид қазіргі таңда аталған бәсекеге жанкүйерлерді кіргізу бойынша келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи айқасады. Сонымен қатар сол кеште қазақстандық спортшылар Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов UFC-дағы дебютті айқасын өткізеді.

Бөлісу:
Жанкүйерлер жарыстарға жіберіле бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар