Аймақтар
1 мин оқу 471

Жоғары шенді полицей қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Жуырда Қызылорда об&shy;лыстық полиция депар&shy;таментінде лауазымды қыз&shy;меткерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстал&shy;ған&shy;дығы туралы сыбыс тараған еді. Департаменттің бас&shy;пасөз қызметі әуелгіде бұл хабарды растаған да, те&shy;ріс&shy;теген де жоқ. Көп ке&shy;шік&shy;пей жұрт&shy;ты алаң&shy;датқан жайдың шын хабар екендігі анықталды.</p>

Жоғары шенді полицей қамауға алынды

Бесінші қазан күні ІІМ Өзін­дік қауіпсіздік департаменті қызмет­керлері Қызылордаға арнайы келіп, ұйым­дастырылған операция ба­рысында облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы мен осы құрылымның тағы бір қыз­меткерін ұстаған. Жоғары шенді қызметкерлер алаяқтық жасады деген күдікке ілініп отыр. Бүгінде екеуі де уақыт­ша ұстау абақтысына қамаққа алынып, оларға ҚК-нің 190-ба­бының 3-бөлігімен сотқа де­йінгі тергеп-тексеру амалда­ры жүргізілуде. Күдіктілерге қа­тыс­­ты соңғы шешімді кінә­сінің дәрежелерін анықтай отырып сот шығарады.

Ел арасында облыстық Поли­­ция департаменті басты­ғының орынбасары мен бірқатар лауа­зым­ды басшылар да қызмет­те­рінен босатылғаны туралы әң­гіме тараған. Бұл мәселе де анық­талды, облыстық Полиция депар­та­ментінің бастығы Бектөре Сұл­тан оларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

– Департаменттің Өзіндік қауіп­сіздік басқармасы қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жалғастыра береді. Болған жағ­дайға байланысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жа­заға тартылады. Оларға біз­дің қата­рымызда орын жоқ, – деді облыстық Полиция депар­та­ментінің бастығы.

Қызылорда

Бөлісу:
Жоғары шенді полицей қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар