Аймақтар
1 мин оқу 360

Атырауда дәрі-дәрмектің үш айлық қоры жасақталды

<p style="text-align: justify;">Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, медициналық ұйымдарда&nbsp; қажетті дәрі-дәрмектердің, әсіресе коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жасақталды, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Атырауда дәрі-дәрмектің үш айлық қоры жасақталды

"Атыраудағы дәріханалар желісінде дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынды. Қазір дәр-дәрмектің дені 164 дәріханаға жеткізіліп, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы тұр.

Облыста дәрі-әдрмектердің  3 айға дейін азаймайтын қор жасақталды. Бұған қоса демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық маскалар мен  бір реттік қолғаптар да жеткілікті" дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының әақытша міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.

Бөлісу:
Атырауда дәрі-дәрмектің үш айлық қоры жасақталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар