Аймақтар
1 мин оқу 367

Павлодардағы мұнай-химия зауытында өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Зауыт баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 16 қазан күні таңертең кәсіпорынның кокс өндірісі &nbsp;қондырғысында&nbsp; тұтанған, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Павлодардағы мұнай-химия зауытында өрт шықты

Оқиға орнына дереу "Өрт сөндіруші" АҚ филиалының өрт және газ қауіпсіздігі жасағының екі өрт сөндіру бөлімінің және газдан құтқару қызметінің қарауылдары, қалалық өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметтерінің өкілдері келіп жеткен.

Өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұтану аумағы – 3 шаршы метр.

Қазір  кәсіпорынның мұнай өнімдерін өндіру және оны жөнелту жұмыстары қалыпты жүзеге асырылуда. Ал, оқиға орнында оттың тұтану себептері анықталуда.

Бөлісу:
Павлодардағы мұнай-химия зауытында өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар