Қазақстан
1 мин оқу 273

Елордадағы 7 ғимарат террористік тұрғыдан осал екені анықталды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

Жыл басынан бері 130-ға жуық нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 40-тан астам ұйғарым енгізілген. Терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамайтын әртүрлі санаттағы 7 нысанның иелері ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай талаптарға заманауи күзет жабдықтарымен жабдықтау, өткізу режимін қамтамасыз ету, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізу жатады.

Сондай-ақ, қызметкерлер бұрын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілген нысандарды қайта тексеріп жүр. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан полицейлері тұрақты негізде ТТО нысан басшыларымен оқу-дәріс іс-шараларын өткізеді, сондай-ақ террористік қауіп туындаған жағдайда олардың іс-әрекеті бойынша жадынамалар табыс етілді.

Бөлісу: