Футбол
1 мин оқу 130

Капитанның оралуы

<p style="text-align: justify;">Дәл осындай тақырыппен футболдан Қазақстанның алты дүркін чемпионы, елорданың &laquo;Астана&raquo; командасы Андрей Тихоновтың клубтың жаңа бас бапкер қызметіне тағайындалғанын хабарлады.</p>

Капитанның оралуы

Күні кеше 50 жылдық мерейтойын тойлаған ресейлік танымал экс-футбол жұл­дызы жанкүйерлерге Мәскеудің «Спар­так» және Ресей құрамасы сапында көр­сеткен өнерімен танымал. Ол «ақ-қызылдар» құра­мында 8 мәрте Ресей чемпионы атанғанын да жақсы білеміз. Сондай-ақ Тихонов «Спартактан» бөлек, «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) және «Локомотив» (Астана) клубтарында да өнер көрсетті.

Жанкүйерлердің есінде болса, Андрей Тихонов «Астана» клубының тарихтағы бірінші капитаны саналады. Елорда командасымен бірге ол 2009 жылы чемпионаттың үздік ойыншысы атанып, біріншілікте күміс жүлде иеленді. Тихонов ойыншы ретіндегі ман­сабын аяқтағаннан кейін «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар», «Ени­сей» және «Крылья Советов» клубтарында қызмет атқарды. Айта кетейік, Тихонов осы мау­­сымдағы «Астананың» үшінші бас бапкері.

Бөлісу:
Капитанның оралуы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар