Әлем
1 мин оқу 210

Аустралияда карантин талаптары жеңілдеді

<p style="text-align: justify;">Аустралияда індет ошағына айналған Виктория штатында шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдетіле бастады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Штат орталығы Мельбурн қаласының тұрғындары 3 айдай қатаң шектеулерді орындап, үйден 2 сағаттан артық шықпау керек болған. Бүгіннен бастап бұл тыйым алынды. Бірақ адамдар үйден 25 шақырымнан алыс кетпеуі тиіс. Дегенмен билік мейрамхана мен дәмханаларды ашуды тағы 2 аптаға кейінге қалдырды. Аустралияда коронавирусты жұқтырғандардың басым бөлігі осы Виктория штатында тіркелген. Жалпы елде індет таралғалы вирусты 27 мыңнан аса адам жұқтырған.

Бөлісу:
Аустралияда карантин талаптары жеңілдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар