Қазақстаннан үш шетелдік депортацияланды
<p style="text-align: justify;">Қазақстаннан ПТР анықтамасы жоқ үш шетелдік депортацияланды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Шетел азаматтары 19 қазанға қараған түні Ресейден, Өзбекстаннан және Армениядан ұшып келген. Өздерімен бірге COVID-19 жедел тестінен өту туралы анықтамалары бар болса да, ПТР тестілеу нәтижелері болмағандықтан, елге кіре алмады.
Сол түні Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларына 10 халықаралық әуе рейсі ұшып келген. Онда 1136 азаматтың ішінде, 938-інің анықтамасы болса, 198-інде болмаған.
Енді олар ПТР сынамаларын тапсыру үшін аталған қалалардағы карантиндік стационарларға анықтамасыз жатқызылады.