Аймақтар
1 мин оқу 180

Қостанай облысында шектеу шаралары енгізіледі

<p style="text-align: justify;">Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысын өткізген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай облысында 20 қазаннан бастап шектеу шаралары енгізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай облысында шектеу шаралары енгізіледі

Өңірлік жедел штаб жиынында карантиндік шараларды күшейту туралы бірқатар шешім қабылданды. Сонымен сейсенбіден бастап қоғамдық тамақтану нысандарына  сағат 23:00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Асханалар мен кафе, мейрамханаларда бірге тамақтанушылардың саны  30-дан аспауы тиіс.  Сондай-ақ ашық аттракциондардың жұмысы уақытша тоқтатыла тұрады. Бұл шектеу түрлері күнделікті талап етілетін болады.

Жедел штаб шешімімен демалыс күндеріне де шектеу күшейтілді. Сенбі-жексенбі күндері:

- облыс аумағында қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынды;

- ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда нысандарының, азық-түлік супермаркеттері мен сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылады, бірақ аталған нысандардағы дәріханалар жабылмайды.

- азық-түліктік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысы тоқтатылады;

- азық-түлікке жатпайтын тауарлар сататын нысандардың жұмыс режімі сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі;

- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысы тоқтайды;

- қоғамдық моншалар мен сауналар жұмыс істемейді.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қостанай облысындағы эпидемиялық жағдай тұрақты. Індет басталғалы аймақта COVID-19 жұқтырған 3 538 науқастың 3 198-ы, яғни  90,4%-ы емделіп шыққан.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанай облысында шектеу шаралары енгізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар