Қоғам
1 мин оқу 141

Сотталғандар фаст-фудқа тапсырыс бере алады

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы <a href="https://polisia.kz/qylmystyq-atqaru-zhujesi-komitetining-basshylyghy-onlajn-brifing-otkizedi/">онлайн-брифинг</a> барысында&nbsp;ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы&nbsp;Жанат Ешмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сотталғандар фаст-фудқа тапсырыс бере алады

Сотталғандар фаст-фуд, дәстүрлі және шығыс тағамдары, суши және пиццаға тапсырыс бере алады. Олардың туыстары колонияға ең қажет заттарды жеткізу үшін электрондық дүкенді қолдана алады, бұл әсіресе пандемия жағдайында өте өзекті. 

"2019 жылы ҚАЖ мекемелерінде электрондық дүкендерді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қостық. Жоба Ақмола және Алматы облыстарында және Алматы қаласында жүзеге асырылуда. Болашақта біз бұл тәжірибені еліміздің барлық колониялары бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл біздің жүйемізді реформалаудың аса маңызды бағыты және сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі үшін аса маңызды мәнге ие. Олар колонияда тұрып, өздерін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіне алады", деді комитет төрағасы.

Бөлісу:
Сотталғандар фаст-фудқа тапсырыс бере алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар