Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 20 қазан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
Атырау облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болжанады. Солтүстіктен, солтүстіктен-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с артады.
20, 21 қазан күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең кей жерлерде 1 градус үсік сақталады.