Қоғам
1 мин оқу 620

Қауіпті бетперде туралы ақпарат жалған болып шықты

<p style="text-align: justify;">Жуырда біреу халықты шошытып, әлеуметтік желілерге біреулердің естен тандыратын есірткіге малынған маскалар тарататынын, оны үй-ішіндегі жандардың бәріне тегін беретінін, ал бетпердені киген адам есінен танып қалатынын, сол кезде суық қолдылар үйлерді тонап кететінін жазған болатын. Әрине, ақыл-есі бүтін адамдар мұндай бетперделердің болмайтынын бірден сезген. Өйткені, есірткі заттарының өзі қымбат, оны ешкім үй тонаймын деп тегін таратпайды. Бірақ көптеген адамдар мұндайға елеңдеп, үрейленіп те қалады.</p>

Қауіпті бетперде туралы ақпарат жалған болып шықты

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бұл ақпараттың жалған екендігін айтты. Мұндай бетперденің таралу фактілері және ақпаратта сипатталған басқа жағдайлар тіркелмеген.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз. Айта кету керек, қазір адамдар көбінесе жалған ақпаратты шынайы жаңалықтардан ажырата біледі, бірақ соған қарамастан, мұндай жалған ақпарат халық арасында дүрбелең туғызуы мүмкін", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қауіпті бетперде туралы ақпарат жалған болып шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар