Қоғам
1 мин оқу 275

Куәлікті үйге жеткізіп береді

<p style="text-align: justify;">eGov.kz порталында қазақстандықтарға мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды.</p>

Куәлікті үйге жеткізіп береді

Бұл үшін қажетті дерек­терді, тұрғылықты мекен­жайы­н көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куә­лікті үйге әкеледі.

«Біз үшін ең бастысы, азамат үйде отырып автокөлік сатып алуға байланысты қыз­меттердің барлық пакетін ала алатын кезде көлік құра­лын ресімдеу процесін то­лық автоматтандыру болды. Егер бұрын бұл үшін қа­зақ­стандықтарға кем дегенде екі рет мамандандырылған ХҚО-ға бару қажет болса, бүгінде оны eGov.kz порта­лында ресімдеп, қайта ре­сімдеп, нөмірлік белгіні таң­дап, автокөлікті есепке қо­­йып, тіпті мемлекеттік нө­мір мен куәлікті онлайн жет­кізуді ресімдеуге болады», деді «Ұлт­тық ақпараттық техноло­гиялар» АҚ басқарма төр­ағасы Әсет Тұрысов.

«Электронды үкімет» пор­талында «Көлік және ком­­муникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» бөлім­шесінде жеткізуді ресімдеу үшін «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту жә­не оған тапсырыс беру қажет.

Сонымен қатар жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚО атауы мен толық мекен­жа­йын көрсете отырып, бар­лық мін­детті жолдарды толтыру керек. Осыдан кейін қыз­мет­ке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір рет­тік смс-пароль ар­қылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азама­ттар базасында міндетті түрде тір­келу қа­жет). Қызмет жеке тұл­ға­ларға қолжетімді. Қызмет көр­сету мерзімі – 1 жұмыс күні.

Бөлісу:
Куәлікті үйге жеткізіп береді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар