Жаңалықтар
1 мин оқу 297

Жалған мәлімет жарға жығады

Облыста әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу барысында жемқорлық әрекеттері орын алған көрінеді. Облыстық қаржы полициясының хабарына қарағанда, биылғы 10 айдың ішінде осындай 7 заң бұзушылық анықталыпты. Мысалы, Қашыр ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Батырбековке қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.

Облыста әлеуметтік нысандар құрылысын жүргізу барысында жемқорлық әрекеттері орын алған көрінеді. Облыстық қаржы полициясының хабарына қарағанда, биылғы 10 айдың ішінде осындай 7 заң бұзушылық анықталыпты. Мысалы, Қашыр ауданы құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Батырбековке қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда.Шенеуніктің Тереңкөл ауылындағы 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысына байланысты келісімшарт бойынша орындалған актіге жалған мәліметтер енгізгені анықталған. Сөйтіп, серіктестіктердің біріне негізсіз миллион теңгеден артық ақша бөліп жіберген көрінеді.

Қаржы полицейлерінің айтуынша, жөндеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы нысандарын қалпына келтіру бойынша мемлекеттік сатып алуларда да заң бұзушылықтар кездескен. Мәселен, Лебя­жі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Ол аудан орта­лығындағы Аққу ауылында жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстарының орындалмағанын біле тұра, қабылдау жөніндегі актілерге жалған мәліметтер енгізіп, ЖШС есебіне 15 миллион теңге бюджет қаржысын аударып жіберген.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.

Бөлісу:
Жалған мәлімет жарға жығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар