Коронавирус
1 мин оқу 200

Коронавирус үшін 8,2 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған

<p style="text-align: justify;">Коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрі сатып алынды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Бүгін үкімет отырысында министр халықты дәрі-дәрмек құралдарымен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесі туралы есеп берді. Цой COVID-19 екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатқанын атап өтті.

"Күз-қыс маусымдарында коронавирустың жаңа толқыны болуы мүмкін деген күдікпен бірқатар жұмыс жүргізілді. Біріншіден, бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация - ескерту) қоймаларында 2 айлық дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын қалыптастыру. 8,2 миллиард теңгеге тапшы және қажет 44 дәрінің түрі сатып алынып жатыр. Ол бір айға шамамен стационарлардағы 60 мың науқасты емдеуге есептелген. Дәрі-дәрмектің азаймайтын қоры өтінімнен тыс денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша сақтық шарасы үшін сатып алынып жатыр", деді министр.

Оның айтуынша, COVID-19 бойынша 2 айға есептелген дәрі-дәрмек қоры бірыңғай дистрибьютордың (СҚ Фармация - ескерту) хабында сақталады.

"2020 жылдың 15 қазанындағы мәлімет бойынша 5,92 миллиард теңгеге 37 дәрінің түрі сатып алынды. Бұл шара дәрі-дәрмектің резервін құруға мүмкіндік береді", деді Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда 109 623 адам COVID-19 жұқтырды. 105 145 науқас айықты, 1 768 адам қайтыс болды.

Бөлісу:
Коронавирус үшін 8,2 миллиард теңгеге дәрі сатып алынған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар