Медицина
1 мин оқу 402

Еліміз бойынша 1500 ӨЖЖ аппараттары жеткізілген

<p style="text-align: justify;">Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарына республика бойынша барлық қажеттілік 1500 бірлік аппаратты құрайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Алексей Цой мәлімдеді,, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Бүгінде Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 ауруханаларына барлық 1500 бірлік өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттары өндірілді және жеткізілді.

Сондай-ақ Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобильдері шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді.

Бүгінгі таңда қалған 156 бірлік жеткізілуде. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде 5 қарашаға дейін 1 167 бірлік санитарлық көлік жеткізілетін болады.

Бөлісу:
Еліміз бойынша 1500 ӨЖЖ аппараттары жеткізілген · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар