Аймақтар
1 мин оқу 381

Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді

<p style="text-align: justify;">Құс (қаз) өлімі 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Бесқарағай ауданының Баскөл ауылындағы төрт жеке шаруашылықта болған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ветеринарлық қызмет мамандары патологиялық материалдан сынамалар алып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринарлық зертханаға жеткізді. Зерттеу нәтижелері бойынша жоғары патогенді құс тұмауы анықталған.

"Өлген құстар арнайы белгіленген жерде өртеліп жойылды. Баскөл ауылдық округі әкімінің № 11 қаулысы шығып, 21 тәулікке карантин режімі енгізілді. Қаулыға сәйкес елді мекендерден шығуға, құс өнімдерін экспорттауға шектеу қойылды", делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, жалпы Бесқарағай ауданында 25800 құс тіркелсе, оның 1245-і Баскөл ауылында. Ол аймақта құстарға вакцина салынған.

Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда құс тұмауы тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар