Аймақтар
1 мин оқу 281

Еленген ерлік

<p style="text-align: justify;">Қармақшы ауданында Құтқарушылар күніне орай шара өтіп, онда аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев сала қызметкерлерін құттықтап, азаматтық қорғау органдарының бірқатар өкілдеріне марапат табыстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Еленген ерлік

– Құтқарушының қоғам алдында мәртебесі жоғары. Кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалатын сала өкілдеріне халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Сонымен бірге шарада үстіміздегі жылдың маусым айында Сырдария өзеніне батып бара жатқан екі жасөспірімді құтқарып қалған Елпанов Егеубай Әскербекұлының ата-анасына Төтенше жағдайлар министрлігінің медалі табысталды. Екі адамды құтқарып, өзі суға кеткен Егеубай Елпановтың әкесі Әскербек Елпанов сөз алып, ерлікті елеген көпшілікке ризашылығын жеткізді.

Сондай-ақ  шарада сала үздіктері түрлі марапаттар иеленді.  

Бөлісу:
Еленген ерлік · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар