Медицина
4 мин оқу 0

Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар&nbsp;Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектермен және медикаменттермен қамтамасыз ету бойынша еліміздегі қазіргі ахуал туралы баяндап берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Министрдің айтуынша, елдің фармацевтика нарығында Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу үлесі ақшалай мәнінде 42,4% құрайды. ҚР фармацевтикалық нарығында отандық өндірушінің үлесі  ақшалай мәнінде 17% құрайды, нақты мәнінде отандық өндірушілер нарықты 39% жабады. Соңғы жылдары отандық өндірушілер экспортының 4,3 есе артқаны байқалады, онда 57,2%-ы Ресейге, 32%-ы Қырғызстанға экспортталады.

"Мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің бірі отандық әзірлемелерді қолдау және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Жергілікті фармацевтикалық препараттар өндірісінің өсуіне негізгі ынталандыру отандық өндірушілермен 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу бағдарламасы болып отыр. 2009 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде Бірыңғай дистрибьютор сатып алу шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 атауын жеткізуге 88 ұзақ мерзімді келісімшарт жасады. 10 жыл ішінде отандық өндірушілер өнімдері 312,4 млрд теңгеден астам сомаға сатып алынды", деді А.Цой.

Министрдің сондай-ақ, сатып алынатын бірлік көлемінің 30%-дан астамын отандық өндірушілердің өнімдері құрайды. COVID-19 препараттарының 48%-ы ел ішінде өндіріледі. Тіркеу кезінде дәрілік заттардың жеделдетілген сараптамасы қамтамасыз етілді. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау жеделдетілген рәсім бойынша 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

ТЖ орын алған жағдайда әкелінетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігі оңайлатылды. 2019 жылы АЛО шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор 45 нозология бойынша (ТМККК шеңберінде) 114,6 млрд теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сатып алды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі енгізілді, бұл ТМККК шеңберінде 27,2 млрд теңге сомасына қосымша 105 нозологияны, 130,3 млрд теңге сомасына 32 нозологияны жабуға мүмкіндік береді.

Осылайша, ТМККК және МӘМС шеңберінде нозологияларды қамтуды 45-тен 137 нозологияға дейін 3 есеге кеңейтуге қол жеткізілді. Күзгі-қысқы кезеңде коронавирус инфекциясының ықтимал жаңа толқынына дайындық мақсатында бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті.

Біріншіден, бұл Бірыңғай дистрибьютор қоймаларында екі айлық дәрі-дәрмектердің азаймайтын қорын қалыптастыру. Бірыңғай дистрибьютор  айына 60 мыңға жуық пациентті стационарларда емдеу үшін COVID-19 бойынша тапшы және сұранысқа ие дәрілердің 44 атауын 8,2 млрд теңгеге сатып алады.

Төмендетілмейтін қордың көлемі ҚР ДСМ болжамы бойынша КВИ екінші толқыны жағдайында "қауіпсіздік жастығын" қалыптастыру үшін өтінімдерден тыс сатып алынады. COVID-19 бойынша дәрілік заттардың екі айлық қорының көлемі Бірыңғай дистрибьютордың хабтарында сақталатын болады.

"2020 жылғы 15 қазандағы жағдай бойынша 5,92 млрд теңге сомасына дәрілік заттардың 37 атауы сатып алынды. Бұл шара туындауы мүмкін екінші толқында КВИ емдеу үшін дәрілік заттар бойынша резерв жасауға және қажеттілікті  жоспарлауға және сырқаттанушылыққа  байланысты проблемаларды шешуге мүмкіндік береді", деді министр.

Екіншіден, медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету. Өңірлер пандемия кезінен бастап 16,6 млрд теңге сомасына СOVID-19 бойынша дәрілік заттарға қосымша қажеттілігін мәлімдеді. 2020 жылғы 22 шілдеден бастап Бірыңғай дистрибьютор ҚР бойынша барлық медициналық ұйымдарда (инфекциялық және провизорлық орталықтарда) айлық қорды қалыптастыру туралы шешім қабылдады, ол дәрілік заттар және медициналық бұйымдардың сатып алынған қосымша көлемінің есебінен жедел толықтырылып отырады.

Бүгінде Бірыңғай дистрибьютор 17,9 млрд теңге сомасына 91 атау бойынша дәрілік заттарды тиеді. Бұл шара медициналық ұйымдардың шұғыл қосымша қажеттілігін жабуға, COVID-19 бойынша дәрілік заттармен стационарларды толықтыруға, стационарларда резервтер құруға мүмкіндік берді.

"Үшіншіден, COVID-19 емдеу үшін амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді. Яғни, аурудың жеңіл ағымы кезінде COVID-19 диагнозы қойылған пациенттер ПТР-тест нәтижелеріне қарамастан, тіркелген жері бойынша өз емханаларында емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша дене қызуын түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды ала алады. Шамамен 1,5 млрд теңге сомасына 1 млн адамды қамту жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдарға 1,5 млрд теңге сомасына дәрілік заттар жеткізілді", деді А. Цой.

Бұл шара инфекциялық және провизорлық орталықтарды жеңілдетуге, COVID-19 жеңіл түрлерін амбулаториялық деңгейде емдеуге, дәрілік заттарды сатып алуға халықтың шығыстарын төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттің стационарлық емдеуге арналған шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Төртіншіден, бұл бөлшек сауда желісіне араласу үшін дәрі-дәрмектерді сатып алу. ҚР Үкіметінің қаулысымен "СҚ-Фармация" ЖШС кейіннен бөлшек сауда желісінде сату үшін дәрілік заттарды көтерме сатып алу бойынша өкілеттілікке ие болды. 3,1 млрд теңге сомаға өтінімдер – дәрілік заттардың 33 атауы немесе екі айлық қажеттілік қалыптастырылды. Қор 2020 жылдың 30 қазанына дейін құрылады.

Бесіншіден, бөлшек сауда желісіне араласу үшін медициналық үш қабатты маскаларды сатып алу. 2020 жылғы 18 қыркүйекте 8 жеткізушіден 10 млн медициналық маска сатып алынды. Жеткізу аяқталды. Алтыншы, жеке қорғану құралдарының қоры. Медициналық ұйымдарда жеке қорғану құралдарының үш айлық қоры қалыптастырылған.

"Шеврон" компаниясы қосымша 400 мың бір реттік қорғаныш костюмдері түрінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Қор 25.10.2020 жылға дейін БД қоймаларында жасалатын болады. ИИДМ мәліметтері бойынша, тәртіптемеге сәйкес өңірлерге 297 ауруханаға 1500 бірлік ӨЖЖ аппараты жөнелтілді.

Бөлісу:
Медицина ұйымдарында жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры жасалған — А. Цой · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар