Үкімет
1 мин оқу 140

Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы ЖЭО-2 жаңғырту жобасы бойынша шешім қабылданды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қоғамдық пікірді ескере отырып, жылу электр станциясын жаңғыртудың қарастырылған төрт нұсқасынан қолданыстағы энергетикалық қазандық агрегаттарын реконструкциялау жолымен ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру мақұлданды.

ЖЭО газдандырудың таңдалған нұсқасы қолда бар жеткізу және бұру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте қоршаған ортаға әсері барынша азайтылады – күкірт тотығының, күлдің шығарындылары болмайды, азот тотығының және көмірқышқыл газы шығарындыларының деңгейі төмен.

Жоба 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.


Бөлісу:
Үкіметте Алматы ЖЭО-2 газдандыру жобасы мақұлданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар