Аймақтар
1 мин оқу 882

Құр аулаймын деп құрықталды

<p style="text-align: justify;">Бесқарағай ауданындағы ерекше қорғалатын аумақта құр аулауға шыққан 55 жастағы азамат құрықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Құр аулаймын деп құрықталды

17 қазанда Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері патрульдеу кезінде ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз құр аулау фактісін анықтаған. Полицейлер қаскөйді дер кезінде ұстағандықтан, ол табиғатқа зиян келтіріп үлгермеді.

– Жедел алдын алу шаралары кезінде құр аулауға шыққан 55 жастағы Бесқарағай ауданының тұрғынынан патрондары мен 12-ші калибрлі ұңғылы аңшы мылтығы алынды, – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Браконьерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтың 382 бабы, 3 бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" заңға сәйкес "Семей орманы" аумағында аң аулауға тыйым салынған.

Бөлісу:
Құр аулаймын деп құрықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар