Аймақтар
1 мин оқу 350

Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылады

<p style="text-align: justify;">Бұқар жырау ауданындағы Центральное ауылына Ресейдің Омбысынан келген қонақтан коронавирус инфекциясының белгісі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылады

Осыған байланысты ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен аталған елді мекенге карантин енгізіліп, науқаспен байланыста болған  азаматтар оқшауландырылды.

Қазіргі уақытта ауылдан шыға беріске санитарлық блок бекеттер қойылып, карантиндік аймаққа кіруге және одан шығуға тыйым салынған. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты ауыл тұрғындары карантин режімін қатаң сақтау міндеттелді. Олардың үйден тек жұмысқа, таяу маңдағы дүкендерге немесе дәріханаларға баруына ғана рұқсат етілген.

Бұқар жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантиннің соңғы науқас емделіп шыққанға дейін дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар