Ауа райы
1 мин оқу 1,210
Алдағы күндері Қазақстанның қай өңірлерінде қар жауатыны айтылды
<p>"Қазгидромет" РМК 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстан аумағына Скандинавия аймақтарынан циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі. Онымен бірге жауын-шашын келеді, жаңбыр қарға ұласады. Әсіресе, бұл оңтүстік-шығыста және шығыста қатты білінеді.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста, таулы және тау бөктеріндегі облыстарда аптаның аяғында бұрқасын болады. Түнде термометр елдің солтүстігінде және орталығында 5-13 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда кей жерлерде минус 3 градус аязға дейін төмендейді.
Бөлісу: