Алма-Арасан шатқалындағы өрт ауыздықталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін сағат 5:46-да Алматы қаласындағы Алма-Арасан шатқалының тау бөктерінде өрт болған. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлайды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Кірме жолдардың болмауына байланысты жасақ жаяу жүрген. Таудың бас жағында 1,5 га алаңда қураған ағаштар мен шыршалар өртенген екен. Оқиға орнында солтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс жағында 3 өрт сөндіру учаскесі орналастырылды. Өрт "Ермак" аспалы жылжымалы өрт сөндіргішпен және қарапайым аспаптармен сөндірілді.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында оңтүстік-шығыс және батыс жағында өрт сағат 08: 02-де, ал солтүстік жағында сағат 08:31-де өрт сөндірілді.
Өртті сөндіруге Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, Қазавиаорманкүзетінен 71 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.
Қазіргі уақытта жекелеген өрт ошақтарын төгу және минералданған жолақтарды жасау жұмыстары жүргізілуде. Орман алқабы қорғалып жатыр.