Медицина
1 мин оқу 283
Өңірлерге 45 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді
<p>Өңірлерге 45 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Жалпы алыс өңірлердің тұрғындарына қызмет етуге арналған осындай 100 кешен жеткізу жоспарланып отыр. Соның арқасында ауыл халқы қалаларға және аудан орталықтарына бармай-ақ УДЗ, ЭКГ және рентген жасай алады.
Бүгінгі таңда "СарыарқаАвтоПром" Қостанай автомобиль зауыты 63 жылжымалы медициналық кешен жасап шығарды. Оның 45-і өңірлерге жөнелтіліп, 18 данасы жіберуге дайындалып жатыр. Қалған 37 кешен өндірісте. Оларды сынақтан өткізілген соң алдағы 22-23 қазанда жөнелту жоспарланып отыр.
Бөлісу: