Елорда
1 мин оқу 200

Елордалық полиция жолдағы ерекше жолаққа қатысты түсініктеме берді

<p>Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жол бойындағы ерекше жолаққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, әл-Фараби (бұрынғы Угольная) даңғылында қазір екі жолақ параметрлері өзгертілді. Норматив талаптарын ескеріп, екі жолақ арасындағы қашықты ұлғайтып жатыр дейді.

"Ірі жолақты қойып жатқанда бұрынғы тұтас сызық та демонтаждалады. Жұмыстар 21 қазанда аяқталады деп жоспарланған. Осыған байланысты магистральдің категориясы мен маңызын ескере отырып, қос тұтас жолақ параметрлерін өзгертуге шаралар қабылданды. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан абай болуды және жол ережесін сақтауды сұраймыз", деді полициядағылар.

Бөлісу:
Елордалық полиция жолдағы ерекше жолаққа қатысты түсініктеме берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар