Оқиға
1 мин оқу 336

Денис Тен турнирі ұйымдастырылмайды

<p style="text-align: justify;">Коронавирус пандемиясына байланысты 2014 жылғы Олимпия ойында&shy;рының қола жүлдегері Денис Тенге арнал&shy;ған мәнерлеп сырғанаудан халық&shy;&shy;аралық турнир өтпейтін болды.</p>

Денис Тен турнирі ұйымдастырылмайды

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, халықаралық конькишілер одағының ресми сайты бұл жайында арнайы мәлімдеме жасаған. ISU күнтіз­бесі бойынша Denis Ten Memorial Challenge додасы 29 қазан мен 1 қараша ара­лы­ғында Алматы қаласында өтеді деп жос­парланған болатын. Айта кетерлігі, Денис Тенді еске алуға арналған халық­ара­лық бәсеке биыл екінші мәрте өткі­зілуі тиіс еді.

«Денис Тен мемориалы» бірінші рет 2019 жылы 10-13 қазан күндері Алматы қала­сындағы «Халық Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған болатын.

Бөлісу:
Денис Тен турнирі ұйымдастырылмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар