Футбол
1 мин оқу 181

Чемпиондар лигасы басталды

<p style="text-align: justify;">Ала доп жанкүйері асыға күткен футболдан Еурокубок бәсекелерінің күзгі маусымы басталды. Чемпиондар лигасында өнер көрсететін командалар бастап берген топтық кезеңнің бірінші тур ойындары аса тартысты өтті.</p>

Чемпиондар лигасы басталды

Турнирді тең ойындар шеруі ашып берді. Нақтылап айтар болсақ, Е тобындағы екі кездесуде де жеңімпаз команда анықталмады. «Чел­си» мен «Севилья» ойыншылары бір-бірінің қақпасына гол соға алмаса, топ­тық кезеңге тұңғыш рет қатысып жатқан «Крас­нодар» сырт алаңда «Реннмен» тең түсті (1:1). F тобында «Лацио» Римде «Боруссия» Дорт­мундты (3:1) сенімді түрде жеңді. Ал «Зенит» соңғы минутта қақпасына гол өткізіп алып, «Брюггеден» жеңіліп қалды.

G тобында өнер көрсететін «Барселона» «Ференцвароштың» (5:1) тас-талқанын шығарды. Каталониялықтардан Месси, Фати, Коутиньо, Дембеле және Педри мер­ген­дігімен көзге түсті. «Ювентус» Киевте Моратаның дублі арқасында 3 ұпай олжалады. Н тобында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда ПСЖ клубымен өткен ойында 2:1 есебімен жеңісті жұлып алса, топтағы екінші ойында «Лейпциг» «Ыстанбұл» (2:0) командасынан басым түсті.

Бөлісу:
Чемпиондар лигасы басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар