Аймақтар
2 мин оқу 140

Салымшыларға 887 пәтер

Батыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің салымшыларына арналған 887 пәтер беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салымшыларға 887 пәтер

Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалында 84 мыңнан астам салымшы бар. Олар жинаған салымның жалпы көлемі 33 миллион теңгеден асады.

"Өңір тұрғындарының банк қызметіне сұранысы жоғары. Өйткені тұрғын үй құрылысы артып, жергілікті әкімдік те тиімді жұмыс істеп отыр", дейді банк филиалының директоры Аида Ипатова.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың соңына дейін өңірде 6 үй пайдалануға берілмек. Оның ішінде 887 пәтер Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі салымшыларына бұйырмақ.

Жаңа үйлердің үшеуі Орал қаласының Зачаганск кентінде, екеуі – солтүстік-шығыс жағында орналасқан. Ал көпқабатты үйдің бірі Ақсай қаласында тапсырылады. Бұл пәтерлердің 1 шаршы метр құны 140 000 теңгеге бағаланған.

"Биылдан бастап "Шаңырақ" - 5-10-20" бағдарламасы іске қосылды. Оған 1986-2017 жылдар аралығында кезекте тұрған адамдар қатыса алады. Бұл бағдарлама бойынша бастапқы нарықтағы тұрғын үй клиенттің таңдауы бойынша рәсімделеді. Батыс Қазақстан облысы бойынша несиенің ең үлкен сомасы - 12 000 000 теңге", дейді филиал басшысы.

Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Салымшыларға 887 пәтер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар