Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайды - Президент
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
"Менің тапсырмама сәйкес, жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүргізілуде. Көптеген жоғары оқу орны коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Бұл ел ішінде әртүрлі әңгіме тудыруда. Сондай-ақ мемлекеттік жоғары оқу орындары кейіннен жекеменшікке сатылуы мүмкін деген де күдік бар. Осыған орай мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындары сатылмайтыны жөнінде мәлімдеймін", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өтті.