Аймақтар
1 мин оқу 154
Даладағы өртте 700 бас қой жанып кетті
<p style="text-align: justify;">Кеше кешке Жаңақорған ауданындағы Түгіскен ауылында 30 гектарлық алқаптағы күріш сабаны өртенген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылып, жалын 20.48-де толығымен сөндірілді.
Өрт салдарынан жеке шаруа қожалығына тиесілі 700-ге жуық қой өртеніп кеткені белгілі болып отыр. Олардың нақты саны әлі нақтылануда.
Қазір оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Өрттең себеп-салдары жайлы бүгін арнайы өтетін брифингте айтылады.
Қызылорда облысы
Бөлісу: