Аймақтар
1 мин оқу 704

Шығыс Қазақстанда мектеп директоры сотталды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында мектеп директоры АИ-92 маркалы жанар-жағармайға талондарын ұрлау арқылы бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шығыс Қазақстанда мектеп директоры сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі берген мәліметтерге сүйенсек, Ұлан аудандық соты "Асубұлақ" орта мектебі" КММ директорына қатысты үкім шығарды. Анықталғандай, мектеп директоры АИ-92 маркалы жанар-жағармайға талондарды ұрлау арқылы бюджет қаражатын жымқыру күдігіне ілінген.

"2020 жылғы 7 қазанда Ұлан аудандық сотының үкімімен "Асубұлақ орта мектебі" КММ директоры Б.К. Катренованы 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді", деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі. 

Сот шешіміне сәйкес, сотталушы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Шығыс Қазақстанда мектеп директоры сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар