Қоғам
2 мин оқу 924

«Оффлайн күн» акциясы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Жас Ұлан&raquo; бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы&raquo; республикалық қоғамдық бірлестігі 17 қазанда &laquo;ReStart&raquo; жобасы аясында жастар мен балалар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу мақсатында &laquo;Оффлайн күн&raquo; республикалық акциясын өткізді.</p>

«Оффлайн күн» акциясы

Аталған шараның басты мақ­саты – бір күнді интернетсіз өмірге арнап, уақытты тиімді өткізу. Соны­мен бірге ұйымдастырушылар таби­ғат аясында ойындар ойнап, жас­өс­пірімдерге адамдармен қарым-қаты­нас мәдениетін қалыптастыру және жастардың санасын пайдалы бағытқа қарай өзгертуді көздейді.   

Іс-шара республиканың барлық өңірінде бір күнде өтті және барлық қатысушы шараның соңына дейін ұялы телефондарынан, әлеуметтік желілерден бас тартып, бір күнді толығымен интернетсіз өткізді. 

Қатысушылар сапалы уақыт өт­кізу үшін табиғат аясына шықты. Барлығы қызық ойындар ойнап, жы­лыжайларда бақша дақылдарын егіп, әртүрлі суреттер салып, үй кино­­теат­рын ұйымдастыру секілді жұ­­мыс­тармен айналысты. Сондай-ақ шара барысында қарт адамдарға кө­мек көр­сетіп, қайырымды іс жасады.

Акция аяқталғаннан кейін қаты­су­шылар «Оффлайн өмір» марафонына қатыса алады. 21 күнге созылатын «Оффлайн өмір» марафонында еліміздің беделді тұлғалары қатысушыларға өздерінің арнайы тап­сырмаларын береді және мара­фон соңында үздіктерге бағалы сый­лық­тар табысталады.   

«Оффлайн күн» акциясы «Жастар мен балалар арасында интернетке тәуел­діліктің алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін іске асыру, сондай-ақ азаматтардың цифрлық беделін қорғау» тақырыбында «ReStart» жобасы аясында Ақпарат және қоғам­дық даму министрлігінің қолда­уымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық қаржыландыруы аясында өткізілді.   

Жастар ұйымы марафонмен шектеліп қалмай, интернет тәуелді­лік­тің зиянын жеткізу үшін арнайы фотокөрме ұйымдастырылып отыр. Шара 14-23 қазан аралығында рес­публиканың 17 аймағында өтеді.

«Іс-шараның негізгі мақсаты – қо­ғам­ға интернетке тәуелділіктің зия­нын көрсету және интернетке тәуел­діліктің алдын алып, фотосуреттер арқылы адамдардың санасын пайдалы жаққа қарай өзгерту. Оған қоса ғаламтор мәдениетін түсіндіруді де жолға қойып отырмыз», дейді ұйым­дастырушылар.

Фотокөрмеде биыл 1 қыркүйекте жа­рияланған байқауда үздік деп та­нылған суреттер қолданылады. Фотокөрме суреттерін @restart_social парақ­шасынан көруге болады.

Бөлісу:
«Оффлайн күн» акциясы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар