Қоғам
1 мин оқу 140
Биыл елдегі құрылыс көлемі 10%-ға артты
<p style="text-align: justify;">Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сәйкес, құрылыс бойынша нақты көлем индексі 110,5% - ды құрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
2020 жылғы қаңтар-қыркүйек қорытындылары бойынша 16 өңірде оң динамика байқалады. Ең үздік көрсеткіш - Шымкентте (178,4%), Түркістан (175,9%) және Жамбыл (138,1%) облыстарына тиесілі.
Көрсеткіштің төмендеуі тек қана бір өңірде - Қызылорда облысында (50,8%), магистралдық газ құбырларын салу бойынша жұмыстардың аяқталуы есебінен байқалады.
Бөлісу: