Аймақтар
2 мин оқу 666

Балқаш қаласында бірқатар шектеу шаралары енгізіледі

<p style="text-align: justify;">Балқаш қаласында 24 қазаннан бастап бірқатар шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Балқаш қаласында бірқатар шектеу шаралары енгізіледі

Балқаш қаласының аумағында коронавирус инфекциясының тіркелу санының ұлғаюына байланысты 2020 жыл 24 қазанының сағат 00.00-ден бастап Балқаш қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы қаулысымен шектеу іс-шараларының күшейтілуі енгізіледі:

1. 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуды шектеу.

2. Кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынсын.

3. Жаппай жиналатын орындарда: гүлзарлар, саябақтар, жағалаулар мен үйлердің ауласындағы балалар ойнайтын алаңдары жабылсын.

4. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жұмысын жандандыру (65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізуге, зейнетақы алуға және т.б. көмек).  

5. Бұқаралық ақпарат құралдарында еріктілердің телефондары, жеткізу қызметтері жариялансын.

6. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмысшыларды жеткізетін қоғамдық көліктерді қоспағанда, қала бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысын шектеу;

7. Балқаш станциясын, Қоңырат шағын ауданын қоса алғанда, қала аумағында сағат 22.00-ден 05.00-ге дейін жеке автокөліктің барлық түрлеріне тыйым салу. 

8. Қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу. 

9. Азық-түлік сауда нысандарына жұмысын уақытын сағат 22.00-ге дейін шектеу.

10. Қызмет көрсету саласындағы нысандарға: шаштараздар, сұлулық салондар, моншалар, сауналар. Қызмет көрсетуді алдын-ала жазылу бойынша қатаң түрде жүзеге асыру, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу, келушілердің ара-қашықтығын сақтау.

11. Кәсіпкерлік субъектілерге: нысандарға маскасыз және катаральды белгілері бар (жөтел, мұрынның ағуы, температура) келушілерді кіргізбеу.

12. Тәулік бойы қалада полиция бөлімі мен әскери полиция күштерімен патрульдеуі ұйымдастырылсын. 3 адамнан артық адамдардың жиналуына жол бермеу. 

13.  Балқаш қаласының аумағында орналасқан әскери бөлімдері, оның ішінде азаматтық персоналы қашықтықтағы жұмыс режиміне (қызметкерлердің кемінде 50% - ы) көшірілсін.

Бөлісу:
Балқаш қаласында бірқатар шектеу шаралары енгізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар