Жаңалықтар
1 мин оқу 300

Телефон арқылы құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы ITF турнирінің жеңімпазы атанған Қазақстан теннисшісі Кәмила Керімбаеваны телефон арқылы құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев К.Керімбаеваны спорттағы маңызды жетістігімен құттықтап, оған жаңа жеңістер тіледі.

ITF сериясы жарыстарының әйелдер арасындағы турнирі халықаралық тен­нис қауымдастығының (WTA) тікелей қолдауына ие. Ол жас тен­нис­ші­лердің келешекте WTA-ның ірі турнирлеріне қатысуы үшін өткізіледі.

Бөлісу:
Телефон арқылы құттықтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар