Жаңалықтар
1 мин оқу 320

Қайғыға ортақтастығын білдірді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федера­ция­сының Президенті Владимир Путинге Қазанда болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жолау­шы­лар ұшағының апатқа ұшырау салдарынан адамдардың қаза тап­қаны туралы хабарды қайғыра оты­рып қабылдағанын атап өткен.

– Бұл қайғылы оқиға мені қатты күйзелтті, Ресей Феде­ра­циясы халқымен бірге ауыр қазаны шын ниетіммен бөлісемін, – делінген жеделхатта.

Жеделхатта Нұрсұлтан На­зар­­баев Қазақстан халқының аты­­нан және жеке өзінің атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасыларына, туыс­тары мен жақындарына қай­ғы­ларына ортақтастығын білдірді.

Бөлісу:
Қайғыға ортақтастығын білдірді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар