Шымкент қаласының темір жол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетті
<p style="text-align: justify;">24 қазанда сағат 02.31-де Шымкент қаласының темір жол станциясында №117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып (вагондар бос, құрамында 21 вагон болған), аударылған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына да әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша 5 жолаушылар және 10 жүк пойызы тоқтап тұр.
Қазіргі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, "ҚТЖ" АҚ-ның 200 қызметкері, Шымкент, Арыс және Тараз станциясынан 3 бірлік қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД 6 қызметкері және 3 бірлік техника, Шымкент станциясы Ішкі істер желілік полиция бөлімінің 10 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмыс істеуде. Жолды босату бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. 24 қазан сағат 13.00-ге дейін пойыздардың қозғалысы үшін 1 жолды қалпына келтіру жоспарлануда.