Спорт
1 мин оқу 1,140

UFC 254: Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

<p style="text-align: justify;">Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан UFC додасына турниріне тұңғыш рет қатысқан жерлесіміз Шавкат Рахмонов бразилиялық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, айтулы ұйымдағы дебютін сәтті бастады.</p>

UFC 254: Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді

«Ковбой» лақап атымен танымал бразилиялық файтер Алекс Оливейра (22-8-1-2) отандасымызға бір раунд та қарсы тұра алмады. Жекпе-жектің бірінші кезеңі аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Оливейра Рахмоновтан жеңілгенін мойындап, жарысты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, жерлесіміз өзінің 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Бір айта кетерлігі, Рахмонов бірде-бір қарсыласына белгіленген раундқа дейін толық жұдырықтасуға мүмкіндік бермеген.

Айта кетейік, UFC 254 турнирінің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи күш сынасады. Олар жеңіл салмақтағы чемпиондық атақты сарапқа салады.

Бөлісу:
UFC 254: Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар