Қоғам
1 мин оқу 230

Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус індеті анықталды

<p style="text-align: justify;">6 &ndash; 25 қазан аралығында халықаралық әуе рейстерімен Қазақстанға келген 34 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

"25 қазан күні түнде елімізге 11 халықаралық авиарейс ұшып келді. Барлығы 1483 жолаушының 1228-інде коронавирусқа тапсырған анализдерінің анықтамалары болған, Қазақстанның 255 азаматында ондай анықтама болған жоқ", деді С.Байғабылов.

Белгілі болғандай 11 авиарейс орындалған:

- төртеуі Нұр-Сұлтан қаласына, барлығы 434 жолаушы, оның 350-інде анықтама – бар, 84-інде – жоқ;

- алтауы Алматы қаласына, барлығы 939 жолаушы, оның 778-інде анықтама – бар, 161-інде – жоқ;

- біреуі Шымкент қаласына, 110 жолаушы, 100-інде анықтама – бар, 10-ында – жоқ.

Анықтамасыз үшып келген Қазақстан азаматтары ПТР-анализ тапсыру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік стационарларға жатқызылған. Жолаушылар Түркия, БАӘ, Украина және Беларусьтен келген. 

Бөлісу:
Қазақстанға ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус індеті анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар