Кино
1 мин оқу 360

"Киношок" фестивалінде отандық екі фильм 5 сыйлыққа ие болды

<p style="text-align: justify;">17-23 қазан аралығында өткен XXIX "Киношок" ашық фестивалінде отандық екі фильм&nbsp; "Жаным, ты не поверишь" комедиясы мен "Черный черный человек" драмасы 5 сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова екі туындының да түсірілім тобын, актерлерін, режиссерлерін құттықтады. Министр қазір қазақ фильмдері елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де жоғары бағана ие болып жатқаны қуанышты жайт екенін атап өтті.

Фестивальдің басты сыйлығы «Золотая лоза» мен «Үздік сценарий» (барлық 6 сценарист), «Баспасөз сыйлығы» - «Жаным, ты не поверишь» комедиясына берілді.

Ал «Үздік ер адам рөлі» (Данияр Алшинов), «Үздік режиссура» (Əділхан Ержанов) сыйлығына «Черный черный человек» драмасы ие болды.

Жалпы конкурсқа 7 мемлекеттен 9 толық метражды фильм қатысты.

Бөлісу:
"Киношок" фестивалінде отандық екі фильм 5 сыйлыққа ие болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар