Қоғам
3 мин оқу 403

«ARASHA» адам өмірін бағалауға көмектеседі

<p style="text-align: justify;">Жаһанды жайлаған індет талай мәселені шиеленістіре түскені анық. Карантин кезінде бүкіл отбасылардың бір үйге тығылуы бұрыннан да бар жұмыссыздық, озбырлық, әлімжеттік сияқты оқиғаларды ушықтыра түсті. Бұл әрине мемлекетіміздің құ&shy;қық қорғау сала&shy;сындағы көп&shy;те&shy;ген заңды қайта қарауға мәж&shy;бүр етіп отыр. Ал осы мә&shy;&shy;&shy;се&shy;лелерге араласып жүр&shy;ген қо&shy;ғам&shy;дық қорлардың не тын&shy;дыр&shy;&shy;&shy;ғаны бар? Өйткені бұл қор&shy;лар&shy;&shy;дың қаржылай гранттарды ием&shy;де&shy;ніп отырғанын ұмытпау қажет.</p>

«ARASHA» адам өмірін бағалауға көмектеседі

Мәселен, «Қазақстан­ның тең құқық­тары мен тең мүм­кіндіктері инс­титуты» қоғамдық қорына 10 жыл толған. Осы уақыт ішінде Қор 20 қоғамдық маңызды және әлеуметтік жобаны іске асырып, 100 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, ма­ңызды құжаттарды әзірлеуге қатысқан.

Қор 2017 жылдан бері әлеу­меттік маңызы бар жоба – тұрмыстық зорлық-зом­былық көргендерді паналататын «ARASHA» баспанасын іске асырып келеді. Айтқандай, «ARASHA» бас­панасы Алматы қалалық Жұ­мыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­масы мен Еңбек және халық­ты әлеу­меттік қорғау министр­лігінің қол­дауымен ашылған.

Содан бері соңғы үш жылда осы әлеуметтік бас­пана жақындарынан әлімжет­тік көрген 342 әйел мен бала­ның үйіне айналды. Қор пре­зи­денті, балалар психоло­гі Маргарита Өскембаева бұрын да қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмек­тесіп келгендіктен, тұр­мыс­тық зорлық-зомбылық жәбір­ленушілеріне жүйелі көмек қажет екеніне көзі жетіп, осы іске мұрындық болып отыр.

Баспана бір тәулікте 20 адамды паналата алады. Соны­мен қатар заңгерлік кеңес пен психологиялық көмек­ке жүгінген әйелдерді күндізгі және кешкі уақытта қабылдау үшін жағдай жаса­лынған. «ARASHA» бас­панасы және «жедел желі» тәу­лік бойы жұмыс істейді. Көмекке мұқтаж барлық адам­дар қауіпсіз жерге ор­на­лас­тырылады, оларға тамақ бе­ріліп, қамқорлық көр­се­ті­леді. Сондай-ақ заңды, пси­­х­о­логиялық, қажет бол­ған жағ­дайда медициналық қолдау көрсетіледі.

Әлеуметтік қызметкер-баспана үйлестірушісі қа­жетті анықтамаларды алу­ға, құжаттарды қалпына кел­­тіруге, ауыстыруға, мем­­ле­кет­тік органдарға өтініш жазу­ға көмектеседі. Соны­мен қатар әртүрлі бағыт­тағы тренинг­тер ұйымдас­ты­ры­лады, оның арқасында әйел­дер мен балалар қолдау, көмек алады.

Өткен жылы Ақпарат және қо­ғамдық даму министр­лігінің тапсыры­сы бойынша және «Азаматтық баста­ма­ларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық қолдауымен Қор «Қазақ­стандық отбасылар-2019» ауқымды зерттеуін жүргізді. Оған 3 мыңнан астам қазақстандық қатысыпты. Зерттеу Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­кент қалаларында және еліміздің 14 өңірінде жүргізілді. Алғаш рет қа­зақ­стандық отбасылар әртүрлі тұрғы­дан қаралды.

Ал биыл, яғни 2020 жылы Қор екі маңызды жобаны сәтті жүзеге асыруда: «Жас­тар арасында отбасылық құн­дылықтарды нығайту жөнін­дегі іс-шаралар кешені» және «Жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ке­шенін өткізу».

Бұл жобалар да Ақпарат және қоғамдық даму министр­лігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық қолдауымен жүзеге асырылады.

Бірінші жоба бойынша жарты жыл ішінде «Қазақ­станның тең құқық­тары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ еліміздің 17 өңіріндегі жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуды көздейтін ауқымды ақпарат­тық науқан өткізді. Оның ішінде ажырасу алдында тұрған ерлі-за­йыптыларға арналған 14 тренинг 600 адам­ды қамтыған көрінеді.

Сол сияқты «Менің отбасым – менің байлығым!» от­басы­­­лық фотография бай­­­қауына 150-ден астам адам қаты­сып­ты. Ал 30 адам қа­тыс­қан «Қа­зақ­­стан­дық отбасылардың сүйікті тағамдары» бұл іске қаншалықты септеседі? Және 100 шақты адам қосылған «Сіз үшін отбасы дегеніміз не?» деген байқау-сауалнама да ұйымдастырылған. Биыл 12-13 қыркүйекте онлайн фор­матта «OTAUFEST» отба­сылық фестивалі өтіп, оған 7 мыңнан астам адам қатысқан.

Осы қазан айында қор еліміздің өңірлерінде «Менің отбасым – менің байлығым» акциясын өткізбек. Оған мектеп оқушылары, студенттер, психологтер, «OTAUFEST» отбасылық фестивалінің же­ңімпаздары, медиа тұлға­лар қатысады. Акция жалпы 17 мыңнан астам адамды қамтуды көздейді.

Екінші, «Жастар арасында суицид­тік мінез-құлықтың алдын алуға бағыт­талған іс-шара­лар кешенін өт­кізу» жоба­сының қандай пайдасы бар? Бұл «Мен өмірді таң­дай­мын!» ауқым­ды ақпа­рат­тық-түсіндіру нау­қаны еліміздің 17 өңі­рін қам­туы керек. Жоба аясын­да «Қазақстандық жас­тар­дың суицидтік мінез-құл­қы: әлеуметтік және пси­холо­­­гия­­лық триггерлер» ауқым­­­ды әлеуметтік зерттеу жүр­­гі­зі­­ліп, таныстырылыпты. Сауал­­намаға 16-29 жас ара­лы­­ғын­дағы 2 мың адам тартылған.

Жоба жетекшілерінің сөзіне қарағанда, қыркүйек айының соңынан бас­тап «Мен өмірді таңдаймын!» шара­сы өңірлердегі мектеп, кол­ледж оқушылары және ЖОО студент­тері арасында Zoom платформа­сында өтуде. Жастар алдында таны­мал қазақстандық психологтер, жастар арасындағы суицидпен жұмыс жөніндегі мамандар, медиа тұлғалар өмірді бағалауға шақырып, сөз сөйлейді. Қазан айында барлық өңірде жетекші сарап­шы­лардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өтеді.­ Ша­раға 15 мыңнан астам жас қазақстандық қатысады.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
«ARASHA» адам өмірін бағалауға көмектеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар