Ауа райы
1 мин оқу 232

Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

<p style="text-align: justify;">Қазгидромет 26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

Циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады.

Тек республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20 м/с, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Павлодар облыстарында желдің күшеюі түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, түнде Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде – тұман, Батыс Қазақстан облысының - кей жерлерінде, Ақтөбе облысында - күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.

Атырау, күндіз Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар