Шавкат Рахмонов UFC-дегі жеңісі үшін қанша гонорар алды?
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Біріккен Араб Әмірлігінде өткен ережесіз жекпе-жектен бразилиялық Алекс Оливейраны жеңіп, қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Қазақстандық октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін де 10 000 доллар, сондай-ақ UFC-ден промоутердің 3 500 доллар бонусын алды. Бұдан басқа, қарсыласы Оливейра салмақ өлшеудегі сәтсіздігінен кейін Рахмоновқа 14 000 доллар "сыйлады".
Еске салайық, БАӘ-дегі "Жекпе-жектер аралында" өткен UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездескен. Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, қазақстандық файтер ММА-дегі 13-жеңісіне қол жеткізді.