ПТР анықтамасыз келген мемлекеттік қызметші қай ведомствоның қызметкері?
<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуежайдан ПТР анықтамасыз қашып кеткен қызметкерімен болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
Ведомство өкілдері ер адам министрліктің қызметкері екенін растады.
"Қызметкерге қатысты тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", деп атап өтті баспасөз қызметі.
23 қазанда Египеттен Нұр-Сұлтанға ұшып келген жергілікті тұрғындардың ПТР анықтамасы болмаған. Олар анықтаманың талдауын тапсыру үшін арнайы автобусқа отыруы керек болатын. Алайда тексеріс кезінде қашып кеткен.
Белгілі болғандай қашып кеткендер ерлі-зайыпты екені анықталды. Енді тәртіп бұзушыларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.