Аймақтар
1 мин оқу 251

Екібастұздық өрт сөндірушілер шағын трактор құрастырып шығарды

<p style="text-align: justify;">Екібастұздық өрт сөндірушілер еліміздің Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай МТ-13 4x4 "ТҰЛПАР" шағын тракторын құрастырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Екібастұздық өрт сөндірушілер шағын трактор құрастырып шығарды

Жобаның авторы - Екібастұз қаласынадғы №6 өрт сөндіру бөлімнің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Раскельдинов.

Жобаны жүзеге асырып, мини-тракторды құрастырғандар №6 ӨСБ өрт сөндірушісі Мұхтар Әділет және осы бөлімнің жүргізуші-қызметкері Тілек Мейрамғалиев.

"Барлық бөлшектерді металл базасынан жинақтап, кейбірін қолдан дәнекерлеп жасадық. Трактордың отырғышына ескі орындықты пайдаландық",  дейді құрастырушылар.

Шағын тракторды өрт сөндіру бөлімінің аумағын тазалау және қар шығару жұмыстарына пайданау көзделіп отыр.

Бөлісу:
Екібастұздық өрт сөндірушілер шағын трактор құрастырып шығарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар