Қазақстан
1 мин оқу 390

Мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді

<p style="text-align: justify;">ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> primeminister.kz-ге сілтеме жасап.</p>

Комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады.

"Биыл 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:

- 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);

- жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен)", делінген комиссия шешімінде.

Бөлісу:
Мешіттерде бес уақыт намаз оқуға рұқсат берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар