Руханият
2 мин оқу 402

Ұлттық мұраттарға ұмтылыс

<p style="text-align: justify;">Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында белгілі кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Қазақбай Әжібекұлының &laquo;Өнер шыңына ұмтылыс&raquo; атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.</p>

Көрмеге 1997-2020 жылдар аралығында туған суретшінің отызға жуық жұмысы қойылды. Шығармашылығының алғаш­қы кезеңін ХХ ғасырдың 90-жыл­дары соңындағы туынды­лары бейнелейді. Соңғы онжыл­дық­тағы жұмыстар автордың шы­ғармашылық дамуын, өрлеуін әйгілейді.

Қазақбай Әжібекұлы қыл­қалам шеберлерінің шығар­ма­шылық ізденістерінің бас­ты же­лісін – қазақ халқының дәс­түрлі бастаулары мен руха­ни мұ­расының жандануын бей­не­лейді. Тәуелсіздік дәуірі бояуы Қазақбай қылқаламының ұш­қыр­лығында айқын сезіледі, ер­те кезеңдегі жұмыс тәсілінен айтар­­лықтай ерекшеленеді. Сал­танатты жиынды ашқан Елбасы кітапханасының директоры Әмір­­хан Рахымжанов суретшіні қа­зіргі Қазақстанның бейнелеу өнерінің көш басында келе жат­қан суретшілердің бірегейі деп атап өтті.

«Сарыарқаның төсінен орын тепкен елордамыздың алғаш­қы бейнесін Елбасымен байланыс­тыра білген Қазақбайдың шы­ғар­машылығы қашанда алыс­тан ерекше сөйлеп тұрады. Автор өзін­дік қолтаңбасы бар өнерлі жан, ол өз жұмыстарында халықтың мәдениетін, еліміз­дің мәдени құн­дылықтарын оның ұлттық идеясын уақыт пен қазіргі өмірдің өзара астасып жатқанын шынайы суреттейді. Көрмеге қылқалам ше­берінің Тұңғыш Президент – Ел­ба­сы кітапханасының қорын­да сақ­талған бұрынғы жұмыс­тары мен әлемдік қауымдас­тық­ты тол­­­ғандырған көзқарастар тұр­ғы­сынан алғанда адамзатты ой­лан­­­дыратын жаңа дүниелері, ту­ған халқының ұлттық бей­не­­сін сомдаған тың туындылары да қо­йылды», деді Әмірхан Рахымжанов.

Ал белгілі суретші Камиль Муллашев автордың аста­на­ның алғашқы қалыптасу жыл­дарындағы еңбегіне айрықша тоқ­талып, ешкімге ұқсамайтын даралығын суретшінің ішкі бай дүниесімен байланыстырды.

«Қылқалам шебері ретінде ол Қазақстаннан тыс жерлерде бұрыннан танымал. Басқа елдердегі кескіндеменің жан­­кү­йерлері қазақ халқының мә­де­ниеті мен тарихын Қазақбай Әжі­­бекұлының суреттерінен бі­ле­тіні өте маңызды. Автор жұмыс­тарының бір ерекшелігі – халыққа жақын, оның туындыларында бір жылылық бар, бояулары қанық. Оның шығармалары сұлулыққа құштар әр адамның жүрегінен орын алады», деп атап өтті ол.

Бүгінгі таңда Қазақбай Әжі­­бекұлы – қалыптасқан автор, Қа­зақстан Суретшілер ода­ғының мүшесі, көптеген сыйлықтың, соның ішінде арнайы сыйлықтың лауреаты. Ә.Қастеевтің (1999 ж.), «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының (2001 ж.) иегері. Суретшінің өзіндік стилін қа­лып­тастыруда С.Мәмбеев, Қ.Тел­жанов, Ш.Са­риев, С.Айт­баев, Т.Тоғызбаев және басқа да көр­нек­ті қазақ­стан­дық шебер­лердің шығар­ма­шылығымен танысу үл­кен рөл атқарды.

Суретшінің жұмыстары «Ақ­орда» резиденциясында, Елбасы кітапханасының музейінде, Ә.Қас­­­­теев атындағы мемлекеттік бейн­елеу өнері музейінің коллекция­ларында, Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері музейінде және әлем елдерінің жеке коллекцияларында сақтау­лы. Қазақбай Әжібекұлының шы­ғар­машылығы туралы «Дала пас­торалі», «Кескіндемеші» ат­ты те­ле­­визиялық фильмдер түсі­ріл­ді. Қазіргі уақытта суретші про­фессор, Астана халықара­лық уни­верситетінің жоғары өнер мек­тебінің оқытушысы, соны­мен қатар «Астана Опера» КеАҚ Директорлар кеңесінің тәуел­сіз директоры болып қызмет атқа­рады.

Бөлісу:
Ұлттық мұраттарға ұмтылыс · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар