Қоғам
2 мин оқу 462

Құлқын құрдымға құлатып тынады

<p style="text-align: justify;">Маңғыстауда салынып жатқан жол құрылыстары туралы әңгіме көп. Беті жылтырағанмен, салынып жатқан жолдардың сапасы сын көтермей тұр. &laquo;Парсы кілемі&raquo; деп аталған жолдарды асфальтімен қосып тұтас сыпыра көтеріп алуға болатын болса, газ өткелін қақ ортаға алып, сардия қалған түпқарағандық даңғылдың жыры желілерге жүк болды.</p>

Құлқын құрдымға құлатып тынады

Сөйтсек, жұмысы да, жыры да бітпейтін жолдар  көлденең табыс табуға да қолайлы се­кілді.

Маңғыстау облысы бойын­ша Сыбайлас жемқор­лық­қа қар­сы іс-қимыл депар­та­мен­ті «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» мем­ле­кет­­тік бағ­дар­ламасы шең­бе­рін­де жүзеге асы­­рылып жат­қан  Мұнайлы ауданындағы ауылішілік жол­дардың құры­лысына қатысты тексеріс жүргізді. Тексеріс нәти­жесінде  «Мұ­найлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бө­лімі» мем­лекеттік мекемесінің басшысы қамқорлық жасағаны үшін заңды тұлғадан 1 миллион теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Аталған департаменттің мә­лі­метіне сүйенсек, сотқа дейін­гі тергеп-тексеру бары­сын­да кү­дікті қылмыстық құ­қық­бұзу­шылық жасағаны үшін кі­нәсін мойындаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызмет, Маңғыстау об­лы­сының прокуратурасы және азаматтық қоғам тарапынан бір­неше рет сынға ұшыраған бұл құ­рылыс нысандары Маңғыстау өңірінде үлкен тақырыпқа өзек болды. Атап айтқанда, Мұнайлы ауданындағы жолдарды салу кезіндегі сапасыз жұмыстар фак­тілері туралы әлеуметтік желілер­де және бұқаралық ақ­парат құ­ралдарында жария­ланған болатын. Сөйтсек, шала істің ар­тын­да кө­лең­­келі тұстар да жоқ емес екен.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті іске қа­тысты басқа ақпараттарды тергеу мүддесі үшін жария етпей отыр. Ал күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анық­тайтын соңғы шешімді сот шы­ға­рады.

Сапалы жол құрылысының болмауы астарында қалтаның қамын күйттеген құлқын мен аран тұр екен. Азаматтардың құлқын құрдымға, аран апанға құлатып тынатынын ескер­мейтіні қызық. 

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Құлқын құрдымға құлатып тынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар