Қостанайда бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан ұйымдастырылады
<p style="text-align: justify;">Бүгін түнде басталған ақ түтек қарлы боранның салдарынан Қостанайды тұман басып, көшелер көктайғаққа айналды, - деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ауа-райының тосын құбылысына байланысты, облыстық білім басқармасының ұйғарымымен қала мектептеріндегі бірінші ауысымда өтетін сабақтар бүгін қашықтан ұйымдастырылады.
"Бүгін таңертең мектепке келген бала ата-анасы келмейінше үйге жіберілмейді. Ата-аналары алып кете алмаған балалар сабағын сыныпта оқитын болады" - деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Синоптиктердің мәліметінше, облыста ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендеп, қар мол түседі. Алайда апта соңында күн райы қайта ашылады.
Қостанай облысы